«Балалыққа саяхат жасаған қаламгер»

2024 жылдың 18 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» жобасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған   «Балалыққа саяхат жасаған қаламгер» атты әдеби кеш өткізді.

Кеш барысында шара қонақтары қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Д.Б.Мұханбедиярова мен К.О.Шугурова балалар әдебиеті сынды балғын әлемнің тереңіне бойлап, оқырмандарын жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушының өмірі мен шынайы шығармаларына терең тоқталса, оқырмандар өз ойларын білдіріп, тапсырмалар орындау арқылы білімдерін жетілдіре түсті.

         Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектептің 6 класс оқушылары жазушының «Менің атым Қожа» шығармасынан сахналық қойылым көрсетіп,  қазақ баласының сыпайы да сотқар қылығы, сынық мінезімен қатар еркін ойлы, креативті бала екендігін жеткізді.

Оқырмандар назарына  «Шынайы азамат, шыншыл жазушы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

12