«Шешен сөздің шебері Әйтеке»

2024 жылдың 12 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы № 62  жалпы білім беретін орта мектебінде «Шешен сөздің шебері Әйтеке» тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында бейне фильм көрсетіліп, қазақ тарихындағы Әйтеке бидің орнын келешек ұрпақтың санасына сіңіріп, тағзым етілді.

Оқырмандар Әйтеке бидің  кісілік, адамгершілік,  туысқандыққа бағытталған даналық сөздерін жатқа айтып, сұрақтарға жауап беріп, нақыл сөздерін талдап, өзара сайысқа түсті.

    Оқырмандар назарына «Даланың дархан данасы» кітап көрмесі ұсынылды.

раздва