
2024 жылы 6 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысын Отбасы күніне орай «Әке – тірек, Ана – жүрек, Бала – тілек» тақырыбында пікірлесу өткізді.
Шараға № 6 Ғ.Ақтаев атындағы мектеп–гимназиясының 3 класс оқушылары мен клуб мүшелері қатысты.
Оқырмандарға отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру туралы насихат берілді. Бала тәрбиесіндегі ата-бабамыздан сіңіріп келе жатқан басты қағидаттары слайд арқылы көрсетілді.
Сергіту сәтінде балалар «Білімдіге дүние жарық» ойынында өздерінің білімді екендерін көрсете білді.
«Бақытты отбасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.