«Ұлы Абай ұлағаты»

2024 жылдың 8 тамыз күні  «Сәулелі білім» оқу орталығында Абай күніне арналған   «Ұлы Абай ұлағаты» әдеби кеші өткізілді.

Кеш барысында  оқырмандарымыз бас ақынның әдеби мұрасымен танысты.

Балалар ұлы ақынның шығармашылығы бойынша  «40 мысал», «Қара сөздер», «Ақиқат-Жалған», «Жас абайтанушы» айдарларынан құралған сұрақ-жауап ойынында бақ сынасты.  Абайдың өлеңдері жатқа оқылып, «Көзімнің қарасы» әнін шырқалды.

«Ұлы Абай ұлағаты» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

ae278e9a 28f7 4821 b8cc c28dcacda09c