
2024 жыл 05 шілде күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының «Алма», «Капелька» мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен Астана күніне арналған «Асқақтай бер - Астана!» патриоттық сағат өткізді.
Шара барысында «Астана – елімнің жүрегі» атты кітап көрмесі таныстырылып, терең ақпарат берілді.
Бүлдіршіндер мерекеге арналған тақпақтар, әндер айтып, би билеп,пазлы ойыны арқылы Астана қаласының әсем ғимараттарын құрастырды.