«Ұлттық мұра - Домбыра»

2024 жылдың  3 шілде  күні Н.Байғанин атындағы облыстық  балалар  кітапханасы «Кәмпит» жазғы демалыс лагерінде тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеп, балалардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру мақсатында  «Ұлттық мұра - Домбыра» рух сағатын өткізді.

Шара барысында  киелі аспаптың шығу тарихы туралы шежіре- деректер, аңыз әңгімелер, Құрманғазы, Тәтімбет, Дина сияқты әйгілі күйшілердің мұрасы туралы мәліметтер  айтылып, жырлар оқылып, өнерлі оқырмандар күмбірлеген күй төкті.     

    Оқырмандар назарына «Қазақтың асыл-қазынасы» атты  кітап көрмесі ұсынылып, әйгілі күйшілердің, композиторлардың шығармаларымен, өмірімен, музыкалық аспаптардың шығу тарихымен таныстырылды.

690a4b23 21f7 4391 8f7b faf91ded4049