
2024 жылғы 22 тамыз күні №49 «Думан» балабақшасының «Ақбота» және «Күнбағыс» мектепалды даярлық топтарының балаларының қатысуымен «Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз» жазғы оқу жобасы аясында шара өткізілді. Жас бүлдіршін оқырмандарымыз кітапхана ережелерімен танысты.
Шарада «Есте сақта, балақай!» сергіту сәтінде кітаптардың түсін айыру арқылы, қай ертегілердің қандай қітапта екенін таба білді, сонымен бірге интерактивті қуыршақ театры қойылымнан үзінділер көрсетілді.