
15 тамыз күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының «Алма» мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз» жазғы оқу жобасы аясында шара өткізілді.
Сергіту сәті ретінде жасалған «Қимылды көрсет» ойыны арқылы балалардың көңіл -күйі көтеріліп, «Не артық?», «Сәйкесін тап!» ойындары арқылы тапқырлық пен шапшаңдықтары сыналды. Балаларға жас ерекшеліктері бойынша түрлі танымдық кітаптар ұсынылды.