
2024 жылғы 14 маусымда әкелер күніне орай «Әке шаңырақтың тірегі» ертеңгілік өткізілді.
Шараның мақсаты: әке мен бала арасында бір–біріне деген сүйіспеншілік пен тығыз қарым–қатынас қалыптастыру.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары Бүркітбай Панасұлу әкесі Нұркен Бүркітбайұлымен, Байқазақ Айшабибі әкесі Медет Байқазақұлымен, Дәрменов Елдос әкесі Үсен Дәрменұлымен, Жанай Риана әкесі Жанболат Жанайұлымен бірге қатысып, отбасындағы әкенің орны, үлгі-өнегесі туралы ойларымен бөлісті.
Шараға қатысушылар балалармен бірге «Бес саусақ», «Бейнені жалғастыр» ойындарын ойнап, қызықты сұрақтарға жауап берді. №15 «Жидек» балабақшасының бүлдіршіндері әкеге арнап ән мен жырдан шашу шашты.
Оқырмандарға «Бақытты отбасы» атты кітап көрмесі таныстырылды.