
2024 жылғы 7 маусым күні «Кітап фестивалі - 2024» шарасы аясында «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» экологиялық шеру өткізілді.
Экологиялық шеруге Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ, Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, Х. Доспанова атындағы №14 орта мектеп, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының, №2 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Қалалық мәдениет үйінің Халықтық ұжымының «Сұңқар» вокалды ансамблінің, «Кристалл» тобының, «Әлия Қазақ би» ансамблінің, Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ-ң өнерлі балалары «Болашағы біз елдің» мерекелік бағдарламасын ұсынды.
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі Нұрберген Рахматов «Табиғат – сен – тіршілік тұнып тұрған» шеберлік сағатын, №31 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, «Шолпы» қыздар клубының жетекшісі Орынай Бижанқызы Идрисова «Оюлар сөйлейді» тақырыбында дефиле өткізді.
«Табиғатты қорғауға шақырамыз!» алаңында М.Құсайынов атындағы мамандандырылған лицей интернатының оқушылары өлең оқыса, №2 мектеп-гимназиясының жас экологтары сахналық көрініс көрсетіп, табиғатты қорғауға шақырса, М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ-ң оқушылары әсем биімен қортындылады.