
2024 жылғы 16 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Талантымен танылғандар» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
Шараға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, театр анасы Шалқия Ауғанбайқызы Бақытжанова, «Алақай» қуыршақ театрының актері Әбжет Еламан Манарбекұлы және «Айсын» балалар радиожурналистика мектебінің оқушысы Еркеназ Асхатқызы Калиева қатысты.
Сұхбат барысында қонақтар өздерінің өнерге қалай келгендігін және сахна сыртындағы қызықтар туралы оқырмандармен бөлісе отырып, театр өнерінің қоғамдық-мәдени маңызын түсіндірді.
Мәдениеттің алғашқы мектебі – қуыршақ театрының актері Еламан Манарбекұлы кішкентай көрерменнің көз алдында әлемді сиқырға айналдырып жіберетін қуыршақ жүргізу өнерінің қыр-сырымен бөлісті.
Еркеназ Калиева балаларға арналған «Айсын» радиосының жұмысы, көркемсөз оқу өнерінде жеткен жетістіктері туралы баяндап, оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Өнер саласына қызығушылық танытқан оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.
Оқырмандар назарына «Өнер ізгілікке үндейді» кітап көрмесі ұсынылды.