
Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Оқы және жеңіске жет!» атты сайыс өткізілді. Оған М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 сынып оқушылары белсене қатысты. Балаларға ең алдымен сергіту сәті ретінде «Секіртпе» ойыны ойнатылып, олармен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды. Сайыстың «Кіл мықтыдан, шын мықты!» кезеңінде оқушылар «Этнокубик» ойыны арқылы есеп жұмбақтардың жауабын тапты. «Ойлы болсаң, озып көр!» кезеңінде сұрақтарға «Дұрыс және бұрыс» ойыны арқылы жауап берді. Ал «Тапқыр болсаң, тауып көр!» кезеңінде оқушылар қазақтың тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндірді. Қызықты, әрі тартысты ойын болып, балалар қонақкәде ретінде күй тартып, мәнерлеп өлең оқыды.