
2024 жылғы 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысына «Кітаппен дос отбасы» сайыс өткізілді.
Сайысқа «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының мүшелері Илеубаевтар, Канапиндер, Серіковтер, Сүйіншбектер отбасылары қатысты.
Шараның мақсаты: отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1.кезең «Отбасым – мақтанышым».
2.кезең. «Өнерлі отбасы өрге жүзеді»
3.кезең «Ұшқыр ой, ұтымды жауап»
4.кезең «Отбасының сүйікті кітабы»
«Бақытты отбасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Көрмеге Н.Құдайбергенұлының «Даналық әліппесі» сериясымен шыққан «Халық жыры», «Бесік жыры», «Нақыл сөз», «Халық ертегісі», Отбасы хрестоматиясы «Әлдиден эпосқа дейін», С.Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», З.Ахметованың «Бабалар аманаты», С.Мұқановтың «Халық мұрасы» және тағы басқа әдебиеттер қойылды.