
2024 жылғы 3 мамыр күні Н.Байғанин атындығы Облыстық балалар кітапханасы Заречный тұрғын үй алабы мектеп-балабақшаның 4 класс оқушылыры арасында Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» әскери-патриоттық сағатын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты келер ұрпақты адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғай білуге, саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар туралы басылымдармен таныстыру, кітап оқуға баулу.
Жас патриоттар Қазақстан қарулы күштерінің тарихымен, әскери қызмет ерекшеліктерімен танысып, болашақ жауынгерлер «Зерек сарбаз», «Әскери барлаушы», «Алғашқы әскери көмек», «Құпия хабарлама» тапсырмаларын орындады.
Отан қорғаушылар күніне жасақталған «Ер – елінің айнасы» кітап көрмесі таныстырылды.