«Тағдырыма ризамын»

           2024 жылғы 4 сәуір  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Ақтөбе облыстық филиалы директоры Бауыржан Құрманқұловтың 70 жасқа толу құрметіне арналған «Тағдырыма ризамын» кездесу кешін өткізді.

Кеш барысында  шара қонағы ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Үш таған» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-рухани журналының бас редакторы, Ертай Ахатұлы Ашықбаев ақын досы туралы ыстық естеліктерімен бөлісіп, шығармашылығының ерекше қырларына тоқталды.

Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ақынның бақыты – өлең» атты әдеби монтаж ұсынып, рухани сусындатты.

Жырсүйер қауыммен кездескен ақын өзінің балалық шағы, өскен ортасы, үзеңгілес ақын достары туралы қызықты әңгімелерімен бөлісіп, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылықтарына ризашылығын білдірді.

Кітапхана ұжымы ақын шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілектерін білдіріп, құрмет көрсетті.

Оқырмандар назарына «Сырлы сезім ақыны»  кітап көрмесі ұсынылды.

b6dcb5d5 6805 4f5f 9f60 7e7bed7794082a52e854 594f 4dc7 855e 0ee03ee2ab2d