«Береке –бірлікте, ырыс-ынтымақта»

      Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Н.Байғанин атындағы Облыстық балалар кітапханасы 2024 жылғы 29 сәуір күні  № 11 Жалпы білім беретін орта мектеп –гимназиясының 5 класс оқушыларымен «Береке –бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты: достық пен ынтымақтастықты, патриоттық сезімді нығайту, балаларды кітап оқуға баулу. Жас оқырмандарымыз бірлігі жарасып, Қазақстанда тұратын түрлі этностарды таныстырып, өлең шумақтарымен әсірелетіп,  «Менің Қазақстаным», «Кім жылдам?» «Мақал құрастыр» атты танымдық ойындарға қатысты. Оқушылар «Кел, дос болайық!» атты кітіп көрмесімен таныстырылды. 

224d38c4 9474 4118 8d62 3d624a4d48b721270bb5 7b2c 4ec5 ae15 46ffd17530bf