
2024 жылғы 24 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Халқым менен де биік» портрет кешін өткізді.
Шара барысында қатысушылар академиктің еңбек жолы мен зерттеулері тақырыбындағы мәтіндермен танысып, ғалым портретін сипаттап жазды. «Жылдам сұрақ» ойыны арқылы ғалымның ғылыми еңбектеріне байланысты «дұрыс» және «қате» деректерін тауып, Қазақстанның кескін картасынан геолог ашқан кен орындарын көрсетті.
Шара соңында жазушы Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» деректі ғұмырнама роман желісімен түсірілген «Қаныш.Қазына.» телехикаясынан үзінді көрсетіліп, талқыланды.
Ғалым Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми мұраларын насихаттау мақсатында «Ғылым қанатындағы ғұмыр» кітап көрмесі ұйымдастырылды.