
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні.
Кітап мерекесіне орай республикалық «Кітап шоу - 2024» фестивальі аясында «Оқитын балаларға қосыл!» кітапсүйгіштер раллиі өткізілді.
Балалардың сүйікті «Көліктер» мултьфильмінің желісі арқылы ұйымдастырылған білім додасына Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.
Шараның кіріспе бөлімінде оқырмандар «Иә, Жоқ» сергіту сұрақтарына жауап берді. Сайыс жолына қосылу үшін QUIZ ойыны арқылы
6 үздік анықталып, ойынға тікелей жолдама алды. Кітапсүйгіштер додасының келесі бөлімінде арнайы дайындалған «Тұлғаны таны», «Ол кім? Бұл не?» «Бейнесұрақ», «Ертегілер елінде» атты әр бөлімде 4-5 сұрақтан, барлығы 18 сұрақ берілді. Сайыс қатысушылары берілген сұрақтарға нақты, әрі дәл жауап беріп ойын өте тартысты өтті.
Нәтижесінде ралли үздіктері – Сембай Мирас, Базарбаев Ерназар, Мамун Нұрайым.