«Гүл – көңілдің ажары»

2024 жылдың 19 сәуірінде  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Жасыл ел» экологиялық клубы  экологиялық тәрбие беру мақсатында  Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің Журналистика класс оқушыларымен «Гүл – көңілдің ажары» тақырыбында флористика сағатын  өткізді.

Шараның мақсаты: балаларға тақырыптың мазмұнын толық ашуға, гүлдер туралы білімдерін жан – жақты толықтыру.

Шара барысында балаларға гүл жайлы ақпараттар беріліп, «Кім көп сөз құрайды?», «Ұйқасын тап»,“Мақал-сөздің мәйегі” мақал- мәтелдің жалғасын тауып,   өлең құрастырып, түрлі түсті қағаздардан гүл жасап , қызықты ойындар ойнады.

Оқырмандарға «Гүл – әдеміліктің шыңы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

08652879 8268 4d21 a48b cf91dff9f25cf6742e3c 25d6 4da6 bed5 813ac2c9fdc3