«Абайлаңыз, балалар!»

Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Абайлаңыз, балалар!» атты квиз өткізілді. Оған Ғ. Ақтаев атындағы мектеп-гимназияның  4 сынып оқушылары белсенді қатысты. Ойын барысында балалар жол тәртібін біліп қана қоймай, жаяу жүргіншілердің жолдан өту кезіндегі қауіпсіздігі туралы QUIZ сұрақтарына жауап берді. Ойын өте қызықты, әрі тартысты болып, сұрақтарға нақты жауап берді.  Квиз қорытындысында оқырмандар «Тоқта», «Дайындал», «Жол ашық» атты сөздермен қорытынды сөйлем құрастырып, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында «Бағдаршам сенімді серігің» кітап көрмесі ұсынылды .

e090eb90 5f0b 4bfd 9426 f0355af13e4f