
2024 жылғы 10 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Қолөнер-сырлы өнер» атты қолөнершілермен сыр-сұхбат өткізді.
Шара қонақтары №57 орта мектебінің еңбек және технология пәні мұғалімі Асанғали Базарғалиұлы Жанпейісов пен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Сандыбай Санат Өтепбергенұлы адам өмірінде өзіне ыңғайлы, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, еліне, халқына пайдасы берекелі болатындығы туралы және адамдарға рухани ләззат әкелетін өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңартып, келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыруды, ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендетудің маңыздылығы туралы терең әңгіме қозғады.
Оқырмандарда өз ойларымен бөлісіп, адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алатынына көз жеткізді.