
12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Осы күнге орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №52 негізігі білім беретін мектептің 3-сынып оқушыларымен «Аспан әлеміне саяхат» тақырыбында ғарыштық саяхат сағатын Ақтөбе облыстық планетарий әлеміне саяхат жасады. Саяхатымыз адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты таныта білуге арналған.
«Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрме-ақпарат ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әубәкіровтың, Т.Мұсабаевтың, А.Айымбетовтың, Ю.Гагариннің өмірі, еңбек жолдары туралы, ғарыш техникасының дамуы т.б. кітапхана қорындағы ғарыш тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасалды.
Оқырмандар, Ақтөбе облыстық планетарийінің қызметкерлері ұйымдастырған «Квиз» ойынына қатысып, жүлделі орындармен сыйлықтарға ие болды.