
12 сәуір – адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан күніне орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 21 «Кәусарбұлақ» бөбекжай балабақшасы «Сұңқар» даярлық тобындағы бүлдіршіндерге «Мен ғарышкер боламын!» тақырыбында ғарыш әлеміне саяхат жасады
«Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әубәкіровтың, Т.Мұсабаевтың, А.Айымбетовтың, Ю.Гагариннің өмірі, еңбек жолдары туралы, ғарыш техникасының дамуы т.б. кітапхана қорындағы ғарыш тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасалды.
Балаларға, планета атаулары жасырылды, қызықты ойындар ойнатылды.