«Биік тұғырдағы талант»

        2024 жылғы 4 сәуір  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Сағи Жиенбаевтың, Тобық Жармағамбетовтің туғандарына 90 жыл толуына орай   «Биік тұғырдағы талант»  атты  әдеби  жәрмеңке  өткізді.

Қазақ әдебиетінде жарқырап жанған қос таланттың  шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген шараға С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі Сұлтанбекова Лаура Ерікқызы, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орынай Бижанқызы Идрисова және №52 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққаным Әлиқызы Кенжешева қатысып қаламгерлердің өмір жолдары,  шығармашылықтары туралы терең сөз қозғады.

№31, №52 мектептің  жоғарғы класс оқушылары Т.Жармағамбетовтың  «Отамалы» шығармасынан  түйген өз ойлары  мен ондағы кейіпкерлердің іс әрекеттері жайында пікірлерін ортаға салса, «Желкен» әдеби клубының мүшелері С.Жиенбаевтың сырға толы жырларын жатқа оқыды.

Оқырмандар назарына «Биік тұғырдағы талант», «Қазақтың сыршыл ақыны» атты кітап көрмелері ұсынылды.

78e5e6ef d4e9 46cc a655 8674f65b12e8