
1 сәуір – күлкі күні.
Бүгін кітапханада белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіровтың туғанына 90 жыл толуына орай «Көнермес күлкі сыйлаған » тақырыбында күлкі сағаты өтті.
Шараның қонағы – Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының 2009 жылғы түлегі, Өнер жеке мектебінің ұстазы, «Рика» телеарнасының теле жүргізушісі, Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы Жанна Бақыт.
№52 негізгі орта мектебінің оқушылары жазушы О.Әубәкіровтің шығармашылығымен танысып, Жанна Бақытпен сұхбат құрды.
«Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.