«Балаларға балдай жыр »

Балалар кітабының апталығының екінші күні балалар ақыны Мүбәрак Жаманбалиновтың   туғанына 100 жыл толуына орай «Балаларға балдай жыр » тақырыбында  өлеңдер  шеруі  өтті.

Шараның басты мақсаты  жас ұрпақ тәрбиесі мен балалар әдебиетін ұштастыра қараған ұстаз ақынның  өз оқырмандарын қуаныш пен шаттыққа бөлей беретін, күлдіріп, ойландыратын өлеңдерін, таңғажайып сырлы ертегілерін, жұмбақтары мен жаңылтпаштарын баланың есінде ұзақ сақтауға, ана тілі, Отан тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық рухта тәрбиелеу.

Балалар ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың  шығармашылығы туралы толық ақпарат алып, ақынның «Алма ағашы», «Бес саусағым», «Менің әжем», «Құлыншақ» өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Бұл қандай құс?», «Бұл қандай әріптер?» , «Бұл қандай сандар?» жұмбақтарының жаубын тапты.

 «Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

6d5a5da4 a05a 447f a06b 270c125db562