«Теріс ағым тайғақ жолға сүйрейді»

2024 жылдың  27 наурыз  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы терроризм мен экстремизмге қарсы күрес аясында  «Теріс ағым тайғақ жолға сүйрейді» сұхбат алаңын өткізді.

Жасөспірімдерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептерімен зардаптарын ұғындыру мақсатында өткізілген шараға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығыың теолог маманы Нұрлан Әділханұлы Асанов қатысып бейбітшілікті ту еткен дәстүрлі діни бағыттың құндылықтарын түсіндірді. Сондай-ақ сұқбат алаңында оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, қандай да бір сұрақ туындаған кезде мәліметті Қазақстанның ресми сайттарынан немесе мешіт имамдарынан алуға кеңес берді және ел тыныштығына қауіп төндірген экстремистік бағыттағы діни ағымдары өкілдерінің үгіттеуіне түсіп кетпеу жолдары қарастырылды.

60cd61a9 fbaa 4844 a410 d7e6e41fba5078b52fc7 c70c 4414 967f ef20aadceaa1