«Толағай ақын, толастамас жыр иесі»

Балалардың көктемгі демалыс күндерін тиімді әрі қызықты өткізу, кітап оқу мәдениетін арттыру мақсатында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 2024 жылдың 26 науыр – 2 сәуір аралығында Балалар кітабының апталығын өткізеді. Апталық аясында оқырмандар  түрлі форматта әдеби-танымдық шараларға қатысуға мүмкіндік алады.

Балалар кітабының апталығының алғашқы күні ақын, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» тақырыбында жыр-пати өтті.

Шараның басты мақсаты ақынның жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу.

Балалар ақын Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығы бойынша толық ақпарат алып, «Кім жылдам?», «Менің өлеңім» әдеби ойындарына қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқөыды. «Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Шара соңында ақынның сөзіне жазылған «Сырдария», «Құлыншағым» әндері оқырмандармен бірге орындалды.

ae962b8f fd81 4199 9932 a253be5307c0