«Ұлттық киім – ұлт айнасы»

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұлттық құндылықты насихаттау, салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені балалардың бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық киімді кітап арқылы жас бүлдіршіндерге таныту мақсатында «Ұлттық киім – ұлт айнасы» дәстүр сағатын өткізді.

Шараға №15 «Жидек» балалар бақшасының бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысты. Кішкентай оқырмандарға «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде «Сен білесің бе?» сериясының «Наурыз», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық өю-өрнектер», «Зергерлік бұйымдар» кітаптары, «Қазақ мектебі» ұлттық жобасы бойынша жарық көрген «Қазақтық ұлттық киімдері» суреттер топтамасы және  тағы басқа ұлттық құндылығымызды танытатып кітаптар мен балаларға арналған журналдар таныстырылды.

b29cf681 a15f 408e b070 1e3b965b0f8d