
2024 жылы 15 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысы «Отбасылық оқу – озық дәстүр» әдеп сағатын өткізді.
Отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру мақсатында балаларға кеңінен ақпарат берілді. Ер балаларымыз қазақтың үлттық ойыны «Ханталапай» ойнап, қыздарымыз қоржында жасырынған ұлттық бұйымдарды тапты.
Шара соңында №73 М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары «Бүлдірген» .«Атам . әжем» әнінен шашу шашты.
Майра әжеміз балаларымызға ақ батасын берді.
«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» кітап көрмесіне шолу жасалды.