
2024 жылдың 14 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – жаңарудың мерекесі» әдеби қонақжай өткізді.
Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, салт-дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада мерекелік сазды бағдарлама ұсынылды. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышқан кітапхана ардагері Раиса Төленқызы Қомпақова наурыз көжеден дәм татып, Наурыз мерекесінің, көрісу күнінің ерекшелігі туралы тағылымды әңгімесін айтып, ақ батасын берді.
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» кітап көрмесі ұсынылды.