
2024 жылғы 5 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №74 жалпы білім беретін орта мектептің мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәрі де, ана бір өзінен басталады» мерекелік кеш өткізді.
Шараның мақсаты: балаларды аналарын құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу, отбасылық оқу мәдениетін дамыту. Балалар «Ана – ақындар тілімен…» әдеби монтажда ақындар Әдібай Табылдының «Сегізінші наурыз», «Жылылық пен ұлылық», Алмат Исәділдің «Анашым» өлеңдерін оқыды. Өнерлі оқырмандар «Құттықтаймын мама!», «Мерекем» әнін тарту етті.
«Әлемді тербеткен – Ана» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.