
19 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 22 орта мектебінде «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында «В мире чистоты» денсаулық сағатын өткізді.
Шара барысында оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып, жастардың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы екендігін және адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтай білуге, салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, зиянды нәрселерден аулақ болуға шақырылды.
Клуб мүшелері викториналық сұрақтарға жауап беріп, анаграммалар шешіп, мақал-мәтелдер айтып, өзара жарысқа түсіп, шараға белсене қатысты.