«Ертегілер елінде»

2024 жылғы 15 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Ертегілер елінде» дауыстап оқу шарасы өткізілді.

Шараға Қазақ аналары  "Дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының мүшесі Құлекенова Күлаш әжеміз бен №41 «Назерке» бала-бақшасының бүлдіршіндері  қатысты.

Мектеп жасына дейінгі балалар «Түлкі, мысық, әтеш» ертегісін қоюға белсенді қатысып, ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдады.

Шара барысында Күләш әжеміз «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін дауыстап оқып берді. Кішкентай ізденімпаздар қызықты ойындар ойнап, №68 Ж.Ташенов атындағы ЖББОМ оқушыларының орындауында «Ертегілер елінде» әнімен шара өз мәресіне жетті.

04da7021 ab21 4fd6 b9df fbc044487655