«Қазақ киносының саңлағы»

2024 жылғы 30 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ киносының саңлағы» АRT-сағатын өткізді.

Шарада қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылық жолы, театр және кино өнеріне қосқан өшпес үлесі жайында ақпарат берілді.

Шараға Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының құрметті ардагерлері Мағзом Сәпиұлы Бақытжанов, зайыбы Шалқия Ауғанбайқызы, «BatysFilm» киностудиясының продюсері Сұлтанов Қайрат және режиссер Тлеужан Данияр қатысты. Шара қонақтары арада ұзақ жылдар өтсе де, Шәкен Аймановтың әрбір сөзі, әрбір естелігі әлі күнге бүгінгі ұрпағына өнеге екендігін және әр өнер адамы Шәкеновте бар қасиеттерді бойына дарыта білсе, бұл ел өнеріне үлкен мерей екендігін айтып өтті. Кино саласына қызығушылық танытқан оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.

         Оқырмандар назарына «Кино – кітап арқылы ашылған сырлы әлем» кітап көрмесі ұсынылды. 

f138c12f d49d 4570 b86e 805819071648