«Таңбалы тарих-таңдаулы тұлға»

2023 жылғы 8 желтоқсан күні №13 орта мектебінде қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Таңбалы тарих-таңдаулы тұлға»  тақырыбында ғылыми-практикалық конференция  өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығы арқылы  жас ұрпақты білімге, ілімге, әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында өткен шараға Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Шырағы сөнбеген  қаламгер» атты кітап көрмесін ұсынып, библиограф Қуаныш Гүлдана библиографиялық  шолу  жасады.  «Ақиқаттың алдаспаны» бағыты бойынша кітапхана қызметкерлері Қуаныш Гүлдана және Өтесова Гүлназ Ақтөбе қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ директоры А.Сулейменованың  Алғыс хатымен  марапатталды.

fa1558f9 e71f 4c1b addb 0b46bba9a4e1