«Жаман әдеттер әлеміндегі жасөспірім»

2023 жылғы 23 қараша күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында «Позитив» салауаттылық клубының мүшелерімен «Жаман әдеттер әлеміндегі жасөспірім» дөңгелек үстел өткізді. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту және өзіне сенімділік, қайрат, жігерлік қасиеттерін дамыту мақсатында өткен дөңгелек үстеліне қала мектептерінің жоғарғы класс оқушылары қатысып, «Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?», «Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?», «Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?» сұрақтар төңірегінде пікірлерімен бөлісті.

Шара қонағы облыстық ЖИТС орталығының  маманы Айжан Жайлаубаева оқырмандардың пікірлерін тыңдай отырып, ұлтымыздың кемелді келешегі-жастардың өмірі  аса маңызды, сондықтан сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарды тәрбиелеудің қажеттілігін айтты.

Шара соңында қатысушылар зиянды әдеттерге жол бермеу туралы бір-біріне ұсыныстарын айтып,  «Біз денсаулықты қолдаймыз!» тақырыбында өлең, ән, сурет арқылы өз  шығармашылықтарын көрсетті.

3cd00714 c481 4693 b0e8 ccece432dc315a311db9 0bd0 4a62 b5a5 118a2dc07e35