«Болашаққа бет алды білімді ұрпақ»

        2023 жылғы 9 қараша күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «Болашаққа бет алды білімді ұрпақ» белсенді жастармен кездесу кешін өткізді.

         Шараға журналист, «AQTÓBE» телеарнасындағы «Бестің шайы», «Жаңа күн», «KZ жасалған», «Ақтөбе tour» жобаларының жүргізушісі Исатай Мира Ерланқызы, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жеті шекті гитараның сиқырлы тілін шебер меңгерген Қойшыбаев Ернар Ерланұлы, М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға  арналған мамандандырылған лицей-интернатының 8 «Ә» сынып оқушысы, «Book.pay.@it» жобасының тұрақты қатысушысы, белсенді оқырманымыз Шаймерден Нартайлы және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы студенттері мен М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға  арналған мамандандырылған лицей-интернатының жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

     Шара арқылы  оқырмандарымыздың бойында патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін оятып, өз ойын еркін жеткізіп айта алатын, ерінбей еңбек ететін талабы бар, ойлап әрекет ететін, ел игілігі үшін қызмет атқаратын рухы биік жастарымызды  тәрбиелеу болып табылады. Шара барысында оқушылар журналистика саласының қыры мен сырын, болашақта ұстаз болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керектігін ұғынып, заманауи сұранысқа ие мамандық түрлерімен танысты.

Оқырмандардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында «Көші түзу кемел елдің жастары» атты кітап көрмесі мен ойындар ұйымдастырылды.   

277560d3 cbac 4a7c a277 4465b6f3426184f66c7f 8502 4ebb 9784 510e864e7d76