
2023 жылғы 26 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана – шығармашылық пен жаңашылдық әлемі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылықты арттыруда озық тәжірибелермен бөлісу; ақпараттық қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру.
Семинарда «Кітап оқуды ілгерілетудегі кітапханалық жобалардың өзектілігі», «Әлеуметтік желі арқылы кітапхана жұмысын ілгерлету», «Мектеп кітапханасы жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланып, кітапханашылар іс-тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алды.
Жазушы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.