«Жасай бер, жаса Қазақстан!»

2023 жылғы 19 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Республика күніне арналған «Жасай бер, жаса Қазақстан!» патриоттық акция ұйымдастырды.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды.

 Акцияға қатысқан ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының имидждік және идеологиялық жұмыс бөлімнің инспекторы, аға лейтенант Айсұлтан Бекет және кадет оқушылары  оқырмандарға өз құттықтауларын жолдап, білімді, саналы ұрпақ ел болашағының кепілі екендігін айтып кітап оқуға шақырды.

Кітапхананың белсенді оқырмандары патриоттық өлеңдер оқып, домбырамен күй шертіп, Анар Жапарқұлованың сөзіне жазылған Ержан Серікбаевтың  «Жаса, Қазақстан!» әнін орындады.

Патриоттық шараға «Қазанғап» атындағы өнер мектебінің, Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешенің оқушылары қатысты.

ff4fd290 ee36 4bdb 860a 32cc1023111190fdf711 5f0c 4109 933f 02d1aa329ef1