
2023 жылғы 13 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы жазушы К.Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Туралықтың туын көтерген» оқырман конференциясын өткізді.
Шарада қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының дара өкілі Кемел Тоқаевтың руханият үшін жасаған қызметінен, ғибратты ғұмырынан сыр шертетін кітап көрмесі ұсынылып, жазушының ғибратты өмірінен мәлімет берді.
Әділдікке, ақиқатқа құштар адал жанның өз өмірлік ұстанымымен астасып жатқан өр рухтан қайнап шыққан шымыр да ширақ туындылары туралы терең сөз қозғалып, қаламгер рухына арналған өлеңдер оқылды.