
2023 жылғы 2 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Халықаралық қарттар күніне орай «Құрмет пен ізет құшағында» әдеби-музыкалық кеш өткізді. Шарада мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне, кітапхан ардагерлеріне алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.
Кітапхананың белсенді өнерлі оқырмандары «Қарттарын құрметтеген ел ардақты» әдеби-сазды бағдарламасын ұсынып, ән шырқап, көтеріңкі көңіл силады. М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының «Дара» театр үйірмесінің мүшелері Т.Ахтановтың «Әке мен бала» пьесасынан сахналық қойылым көрсетті.
Өз кезегінде ардагерлер ізгі лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді.