«Әке сағынышы»

2023 жылғы 26 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қарымды қаламгер, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған «Әке сағынышы» тақырыбында сюжеттік талдау сағатын өткізді.

№42 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен өткен шарада жазушының әдеби мұрасы таныстырылып, шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтылып, «Әке» повесі кеңінен талқыланды. Оқырмандар Төлен Әбдіктің «Әке» повесінен ойға не түйгендерін, шығарма несімен қызықтырғанын ортаға салып, пікір алмасты.

Шара соңында оқырмандар Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы адам»  кітап көрмесінен «Көкжиек» , «Әке» , «Оң қол», «Парасат майданы», «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Истина» атты  әңгімелер мен повестер жинақтарымен танысты.

c9b989bf 9906 4cd0 b74d cfe37ae62033