
2023 жылғы 15 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы “Kitap Time-2023” II жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Кітап оқы да, трендте бол!» атты әдеби-сазды алаңын өткізді. Оқырманның рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу, кітап оқуға деген белсенділігін шыңдау мақсатында өткізілген шараға №45, №62 орта мектеп оқушылары, мұғалімдері және мектеп кітапханашылары қатысты. Шара барысында оқырмандар «Кітап емханасы» атты сахналық көрініс көрсетіп, жырдан шашу шашты. Оқырмандар назарына «Кітап -ғажайып, тұнық әлем» атты кітап көрмесі ұсынылып, ситуациялық сұрақтар қойылды. Кітапқа қатысты қызықты деректер айтылып, «Жылдам оқу» бенефисі өткізілді.