«Өнер.Өмір.Өнеге.»

2023 жылғы 20 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында балет артисі Нұрсұлу Тапалованың туғанына 100  жыл толуына арналған  «Өнер.Өмір.Өнеге.»  АRT-сағатын өткізді. Оқырмандар назарына «Сұлулығы әлемнің өрнектелген өнермен » кітап көрмесі ұсынылып, қазақ би өнерінде  өзіндік із қалдырған, өнердегі биік тұлға - жерлесіміз Нұрсұлу Тапалованың өмір жолы мен еліміздің өнері мен мәдениетін өркендету жолында қосқан  еңбектері туралы кеңінен сөз қозғалды.

Шараға М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының би үйірмесінің жетекшісі Айгүл Бекболатқызы Шайманова мен жас бишілер қатысып, , бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтіндігі,  қазақ биінің өмірдің өзінен алын­ғандығы туралы айтып,  бишілеріміз бидің құдіретті де сиқырлы әлемін өнерлері арқылы жеткізді.

58d669ef ed27 445f 9585 058e01a001cd