«Мәңгілік өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер»

          2023 жылғы 13 қыркүйек  күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің  туғанына 125 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектепте өткізілген Зейнеп Ахметова мен Орынша Қазыбаевамен кездесу кешінде «Мәңгілік өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер» атты  кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы мен қайсар қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев туралы әдебиеттер және жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың, Бақытжан Момышұлының, Зейнеп Ахметованың кітаптары ұсынылып, ұлтын ардақтаған  көрнекті тұлғаларымыздың ел мүддесі үшін атқарған ерең еңбегі туралы ақпарат беріліп, ұрпаққа үлгі етілді.

9cc000dc a090 4f9c 852d 484025621ea7