"Салт-дәстүр ұлттық тәрбие негізі"

2023 жылғы 7 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысы өтті.  Отбасы күніне арналған «Салт-дәстүр – ұлттық тәрбие негізі» тәрбие сағатына клуб мүшелері, педагогикалық  колледжі жанынан ашылған  «Зерде» жеке мектебің оқушылары қатысты.

«Заречный тұрғын алабы мектеп-бала бақша кешені» КММ-нің кітапханашысы Асем Алшынқызы Тургалиева баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының берер әсері мол  екеніне тоқталып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байланысты екенін атап кетті. «Білім» мектебінің 4-класс оқушысы Лилия Кенжағалидің  анасы Диана Байтуғанқызы Сарсенбаева қазақ халқының ырым мен тыйымдары, әдет-ғұрпына тоқталып, отбасымен бірге оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.  

f0be2564 a47b 44a1 a503 1505727fd09a