
2023 жылғы 31 тамыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында «Әр азаматтың өз биігі бар» деген атпен «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасының кезекті шарасын өткізді.
Шараға «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторының орынбасары Еркін Серікқалиұлы мен «Капоэйра» афро-бразилиялық жекпе-жек өнері үйірмесінің жаттықтырушысы Ерлан Қабылбайұлы Білісбаев қатысып, адамның мақсатқа жетіп, биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың және денсаулықтың қажеттігін, білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы екенін айтып, өздерінің жетістіктерімен бөлісті. Оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі және денсаулықты нығайтудағы жол, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті қалыптастыратын - спортпен шұғылдануға шақырды.