
2023 жылғы 9 тамыз күні кітапхана қызметкерлері «Зерде» балабақшасында «Lets play and read» жобасы аясында «Айналайын абайла, жан-жағына қарайла!» атты шара өткізді. Мақсаты – балалардың жол қауіпсіздігін нығайту, жол ережелерімен таныстыру.
Шарада бүлдіршіндер «Бағдаршам сенімді серігің» кітап көрмесімен танысып, сергіту сәтінде жұмбақтар шешіп, тақырыптық пазлдар құрастырды.