2023 жылғы 3 тамыз күні «Абай даңғылы – тот баспайтын ұлылық» атты тренинг өтті

     2023 жылғы 3 тамыз күні «Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында Ұлы Абайдың туған күніне арналған «Абай даңғылы – тот баспайтын ұлылық» атты тренинг өтті. Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Жұмағалиева Рита Рахманқызы қатысып, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі және «Толық адам» концепциясы туралы және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласына жалпы шолу жасап, кеңінен мәлімет берді.

     Шара Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби монтажбен жалғасын тауып, кітапхана оқырмандары Дулатов Омар, Дулатов Әли, Дулатов Әбубәкір Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін жатқа оқыды.

     Шара соңында «Абай тағылымы – мәңгілік азық» атты кітап көрмесі таныстырылды.

1

2

3

4

5